Жер учаскесін беру жалғасуда.

Жер учаскесін беру жалғасуда.

2003 жылғы 20 маусымдағы  № 442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-1 бабына және 2015 жылғы 27 наурыздағы ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына» сәйкес 2021 жылдың 31 желтоқсан жағдайына жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін арнайы есепке 444 азмат қойылған.

2021 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Панфилов көшесінен 4 жер учаскесі, Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үй алабынан 5 жер учаскесі берілді, 8  тұрғын үй құрылысы аяқталуына байланысты қолданысқа енгізілді, 15 жер учаскесінде құрылыс жүргізілуде.

Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үй алабынан кезекке сәйкес жер учаскесін беру жалғасуда.