2021 жылдың қорытындысы бойынша қала прокуратурасымен Үйлестіру және қадағалау қызметі бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстардан

2021 жылдың қорытындысы бойынша қала прокуратурасымен Үйлестіру және қадағалау қызметі бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстардан

2021 жылдың қорытындысы бойынша қала прокуратурасымен Үйлестіру және қадағалау қызметі бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстардан басқа, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүлкін қорғау бойынша шаралар қабылданды.
Балқаш көшесі 5 бойынша көп қабатты тұрғын үй құрылысына шарттар жасасудың және ақша қаражатын аударудың негізділігі мен заңдылығын талдау нәтижелері бойынша 141 млн.теңгеден астам сомаға аванстық төлемдерді аударуда бұзушылық анықталды.
Прокуратураның ұсынысы бойынша барлық қаражат бюджетке қайтарылды.
Сондай-ақ, қала прокуратурасының қадағалау және әрекет ету актілері бойынша: бұрын белгіленбеген жерде өткізілетін сауда және жәрмеңкелер үшін орын анықталды, бұл кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту мүмкіндігін жоққа шығарды; қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында жасалған ұжымдық шарттар сәйкестікке келтірілді, 273 қызметкердің құқықтары қорғалды; карантин шараларын сақтау бойынша әкімдік жанындағы мониторингтік топтардың құрамы мен саны қайта қаралды; қалалық мәслихаттың Тұрғын үй сатып алуға сертификаттар бөлу туралы шешімі өзгерді.
Бұзушылықтарды жою және қадағалау және ден қою актілерін қарау нәтижелері бойынша 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Прокурордың қылмыстық процеске қатысуы мен рөлі күшейтілді.
Бұл өкілеттіктер қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған (прокурормен қылмыстық істермен келісілген шешімдер бойынша, конституциялық құқықтардың бұзылуына жол берілмеген).
Жалпы, енгізілген өзгерістер қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз етуге, азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудан қорғауға оң әсерін тигізді.
Президент пен Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Приозерск қаласының ПБ тергеген барлық қылмыстық істер бойынша цифрландыруға 100% деңгейінде қол жеткізілді.
Қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу, тергеу мерзімдерін қысқартуға яғни оларды сотқа жіберуде, сондай-ақ түпкілікті шешімдер қабылдауда мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы 121 қылмыстық істің тек 2-уі ғана құқық бұзушылық жасаған адамдар анықталмағандығына байланысты мерзімдері үзілді.
Прокуратураның шешімдерді қабылдау және оларды келісу мерзімдері 3 тәуліктен аспайды.
Тергеушілер мен анықтаушылардың келісілген шешімдерінен кейін прокуратурамен бірде-бір шешімнің күшін жойған жоқ.
Тұтастай алғанда, қылмыстық заңнамадағы өзгерістер өзінің оң нәтижелерін көрсетіп отыр.