Азаматтардың тұрғын үйге қатысты құқықтарын қорғау туралы
Пресс релиз
2020 жылы қала прокуратурасымен Балқаш көшесіндегі №5 үйді салуға жасалған келісім-шарт пен бөлінген қаражаттың негізділігі мен заңдылығына талдау жүргізілді.
Талдау барысында Приозерск қаласының Құрылыс бөлімімен «Марал Құрылыс» ЖШС-не аванс сомасы ретінде 141 млн. теңгені негізсіз аударғаны анықталған.
Приозерск қаласы прокуратурасының ұсынуымен 2020 жылы бюджетке 57 млн. теңге қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды. 2021 жылы мердігер ұйыммен қалған 84 млн. теңгеден жоғары сома қайтарылып, үйдің салынуын аяқтау жұмыстары жалғастырылуда.