"Жолда қабылдау" акциясы

"Жолда қабылдау" акциясы

Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары 2021 жылдың қазан айының 15-16 күндер аралығында Республика аумағында «Жолдағы қабылдау» акциясының кезекті кезеңі Қазақстан Республикасында COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн тікелей эфирде «инстаграм» (priozersk_police) әлеуметтік желі парақшасында өтеді. Оның негізгі мақсаты полиция бөлімдерінің қызметінің түрлі мәселелер бойынша азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел шешу болып табылады, атап айтқанда, автокөлік тіркеу, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жекекуәліктерді беру мәселелері бойынша, көлікқұралдарын қайта жабдықтау, жол қозғалысын ұйымдастыру, әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл төлеу, құқықбұзушылықтың алдыналу және қоғамдық тәртіпті қорғау, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне ден қою, сондай-ақ бейінді оқу орындарында оқу және қызметке кіру мәселелері бойынша.
          Полиция бөлімінің басшылығы, Сіздің қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап береді. Акция кезінде Сіздің өз шұғыл мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз полиция басшылығына жүгінуіне мүмкіндік бар. Тікелей эфирлер уақыты: 2021 жылдың қазан айының 15-16 күндер аралығында сағат 11.00, 12:00, 15:30 және 17:00

Қала тұрғындары және қонақтары, Сіздерді, осы акцияға белсенді қатысуыңызды сұраймыз.

Приозерск қ. ПБ