Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке әр түрлі мамандықтағы адамдарды — журналистерді, баспагерлерді, полиграфистерді, теледидар мен радио қызметкерлерін, байланысшыларды — өздерінің шығармашылық еңбектерімен бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін, позитивті қоғамдық пікір қалыптастыратын, қоғамдағы шығармашылық процестердің әлеуметтік қолдауын кеңейтетін адамдарды біріктіреді.
Жоғары кәсібилік, айқын азаматтық ұстаным, аудиторияға деген құрмет, барлық жаңалықтарға ашықтық, болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамау, шындықты объективті түрде көрсетуге деген ұмтылыс әрқашан байланыс пен ақпараттың үздік қызметкерлерін ерекшелейтін.
Сіздердің риясыз еңбектеріңіз үшін, біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне, адамдардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарына аса назар аударғандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге оқырмандардың, көрермендер мен тыңдаушылардың шексіз сенімін, әріптестеріңізді құрметтеуді, жаңа шығармашылық идеяларды, туған-туыстарыңызға бақыт пен амандық тілеймін

Құрметпен ҚАЛА ӘКІМІ