2021 жылдың 7 маусымы күні Приозерск қаланың әкімі Сатаев Сапар Қайыркенұлы қаланың белсенді жастарымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – қаладағы жастар саясатының болашақта даму жоспарын пысықтау, әртүрлі жастар санатымен ой-пікір алмасу, жас кәсіпкерлердің мәселелері мен қаланың экологиялық және туристтік жобаларын талқылау болып табылады.
Аталған кездесуге «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, бапкерлер, медицина қызметкерлері, ерікті белсенділер, әскери патриоттық клуб мүшелері және қала әкімі мен облыс әкімінің Грант иегерлері қатысты.
Кездесу барысында жас кәсіпкерлер тарапынан проблемалық сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Әр сұраққа қала әкімі өз ойын айтып, шешу жолдарымен бөлісті.
Кездесу барысында қала әкімі жастар саясаты, жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау, сонымен қатар волонтерлық бағытта жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Кездесу соңында қала әкімі жас кәсіпкерлер мен белсенді жастарға қала аумағында туризм саласын дамыту, қаланы когалдандыру мен абаттандыру жобаларына белсенді қатысуға шақырды.