Құрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер!
Сіздерді жаздың алғашқы күндерімен қатар келетін тамаша мерекелердің бірі Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Үлкендер жағы тек дәл бұл күні ғана емес, жыл он екі ай бүлдіршіндеріміздің қорғаны болып, балалық шақтарын қуаныш пен бақытқа толтырудан шаршамасын. Ал балаларға тілерім әрқашан үлкендерді, ата-аналарыңды сыйлап, өздеріңінің тәтті қылықтарыңмен қуантып, еліміздің мақтан тұтатын азаматтары болып өсулеріңе тілектеспін. Мектеп оқушыларында бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар жастарымыз, балаларымыз! Сондықтан тағы да мереке құтты болсын! 1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балаларымыздың жолы ашық болсын, ойлаған армандарына жетіп, біздердің қуаышымыз болсын!!!