Сауда саласындағы кәсіпкерлерге QR алу қажет

Сауда саласындағы кәсіпкерлерге QR алу қажет

Сауда саласындағы кәсіпкерлерге QR алу қажет

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында визуалды тексеру жүргізе отырып, жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлерге QR-кодты (штрих-кодты) алу қажеттілігі туралы БКМ орналасқан жерлерде осы штрих-кодты (QR-код) орналастыра отырып хабарлайды.

 

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік субъектілерінің QR-кодты (штрих-кодты) алуы белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу, "код Жасау" батырмасын басу және штрих-кодты (QR-кодты) БКМ орналасқан жерлерде басып шығару және орналастыру арқылы мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.