Көктемгі күн жылыну кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеті, көлдегі мұздың еру салдары

Көктемгі күн жылыну кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеті, көлдегі мұздың еру салдары

Көктемгі күн жылыну кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеті, көлдегі мұздың еру салдары

 

Қысқы кезеңде Приозерск қаласы маңындағы Балхаш көліне әуесқой балық аулаушылар мұздың үстіне балық аулауға шығады, алайда олардың көпшілігі көктемнің келуімен, мұздың еруіне және оның қалындығының күрт жұқаруына қарамастан, балыққа шығуды тоқтатпайды. Ең алдымен, мұздың беріктігіне оның сыртқы түріне, қалыңдығы мен әртүрлі белгілері бойынша анықтауды үйрену қажет. Алайда әуесқой қыс мезгіліндегі балық аулаушылар мұздағы қарапайым қауіпсіздік ережелерге сақтамауына мүмкіндік береді. Сол себепті Приозерск қаласының ТЖ бөлімі, ақпан айының соңынан бастап, наурыз айларында мұз бетіне шығудағы төмендегідей шықпауға кеңес береді:

  • жұқа мұздың бетіне шықпаңыз;
  • мұздың жекелеген орындарында топпен жиналмаңыз;
  • тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген жағдайда мұз бетіне шықпаңыз;
  • мотоциклдер мен автокөліктерде мұз үстіне шығуға мүлдем болмайды.

Егер сіз мұз бетінде жарықты суды байқаған жағдайда сол аймкақтан тез шығып кетуге тырысыңыз. Мұз жарылып бөлектеніп кетсе, суға құлап кетпеуге тырысыңыз, өйткені суық суға түскен жағдайда қатып қалу мүмкіндігі бар және жедел судан шыға алмауыңыз мүмкін. Егер кенеттен суға түсіп кеткен жағдайда, қасыңыздағы тұрған адам бірден арқан немесе басқада қолдағы бар құралдарды пайдалана отырып, судан шығарып алу керек. Судан шыққан жағдайда кейімдеріңізді тездетіп құрғақ киіммен ауыстырып, жылыныңыз. Егер сіз мұз бетінде қалып қойған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалып құтқарушылардың келуін күтіңіз. Күннің жылынуына байланыста мұз аса қауіпті аймаққа жатады.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД

Приозерск қаласының

 ТЖБ бас маманы                              Нурлыбаев М.Ф.