Наурыз – жаңару мен береке мерекесі

Наурыз – жаңару мен береке мерекесі

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН БЕРЕКЕНІҢ МЕРЕКЕСІ

Приозерск қаласында 2026 жылғы Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қала аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, орталық көшелер мен алаңдар ұлттық нақышта безендірілуде. Мерекелік күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етіледі.

Наурызнама онкүндігі аясында тұрғындар үшін мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады:
14 наурыз – Көрісу күні


15 наурыз – Қайырымдылық күні


16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні


17 наурыз – Шаңырақ күні


18 наурыз – Ұлттық киім күні

19 наурыз – Жаңару күні


20 наурыз – Ұлттық спорт күні


21 наурыз – Ынтымақ күні

Әсіресе, 21 наурыз күні орталық алаңда мерекелік шеру, театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар мен би кеші өтеді.

Наурыз – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың бастауы. Барша қала тұрғындарын мерекелік іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!