Халықаралық сайлау күні

Халықаралық сайлау күні

2026 жылдың 2 ақпаны күні Приозерск қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімі М. Ахметов, қала әкімінің орынбасары, қалалық сайлау комиссияларының мүшелері, қалалық мәслихат төрағасы және депутаттары, сондай-ақ жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қала әкімі М. Ахметов учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайлау науқандарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, қатысушыларды қалалық мәслихаттың хатшысы А. Исатаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Сарсембеков және Жастар ресурстық орталығының басшысы, жас сайлаушылар клубының төрағасы А. Бердимуратов құттықтады. Олар өз сөздерінде сайлау жүйесінің маңыздылығына және жастардың азаматтық белсенділігін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.