ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЛУБЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЛУБЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЛУБЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Приозерск қаласында жаңа спорт клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды шараға қала басшылығы, сала өкілдері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс-шараға Приозерск қаласының әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлы,
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Сапиев Серік Жұманғалиұлы,
сондай-ақ Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Қонақтар өз сөздерінде жаңа спорт клубының ашылуы бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, театрландырылған қойылымдар мен спорттық көрсетілімдерге ұласты. Сондай-ақ қала спортының дамуына үлес қосып жүрген үздік спортшылар мен бапкерлер марапатталып, волейбол және футбол турнирлерінің жеңімпаздарына жүлделер табысталды.

Жаңа спорт ордасы ел игілігіне қызмет етіп, Приозерск қаласының спорттық әлеуетін арттыра берсін!