Әкім сағаты

Әкім сағаты

Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары!

Ертең, 14 қараша күні сағат 10:00-де, Приозерск қаласының әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлының тұрғындармен тікелей эфирі өтеді.

Эфир барысында сіз өзіңізді толғандырған сұрақтарды қойып, қаламыздың дамуы мен өзекті мәселелер туралы толық ақпарат ала аласыз.

🔹 Уақыты: 14 қараша 2025 жыл, сағат 10:00
🔹 Платформа: Instagram
🔹 Парақша: @priozersk.akimdigi

Құрметті тұрғындар, белсенді қатысып, өз сұрақтарыңызды жолдаңыздар! 🌆