Әкім аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
2025 жылдың 15 қазан күні әдеп жөніндегі уәкілі, қала әкім аппаратының басшысы А.Т. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді.
Семинардың күн тәртібінде Мемлекеттік қызметшілер арасында «Лудомания - ойынқұмарлыққа салыну» (құмар ойынға тәуелділік) мәселесі, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2025 жылғы 3 тоқсан бойынша қорытындысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне енгізілген өзгерістер туралы және мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысының пайдаланбай қалған күндері туралы сұрақтар қарастырылды.
Семинар соңында әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкім аппаратының басшысы А. Рахимбаева ең көп таралған интернет - алаяқтықтың түрлерін атап өтіп, интернет – алаяқтықтан аулақ болуға шақырды.