5-7 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында профилактикалық акция «Вейп тапсыр – денсаулықты таңда!» өткізіледі.
Акция барысында Приозерск азаматтарына электронды тұтыну жүйелерін («вейптерді»), оларға арналған қосалқы бөлшектер мен сұйықтықтарды ерікті түрде және жауапкершілікке тартылмай тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және халықтың, әсіресе жастардың денсаулығын қорғау.