Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылғы 27 тамыз күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 53006 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz поштасына жіберуге болады.