2024 жылғы 31 наурызда өткен Приозерск қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Приозерск қалалық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1261 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 639 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 6.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Приозерск қалалық мәслихат депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 7 сайлау округі бойынша

Ж.Я.Абулова үшін сайлаушылардың 35 дауысы берілді;

Р.Е.Ғалымжанов үшін сайлаушылардың 195 дауысы берілді;

Р.Г.Кенжебаев үшін сайлаушылардың 57 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4;

№ 10 сайлау округі бойынша

М.С. Иманов үшін сайлаушылардың 37 дауысы берілді;

Р.К. Койшин үшін сайлаушылардың 220 дауысы берілді;

С.А. Юн үшін сайлаушылардың 52 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Приозерск қалалық мәслихаттың депутаттары болып сайланды:

№ 7 сайлау округі бойынша – Ғалымжанов Руслан Еркінбайұлы, 1978 жылы туған, «Сарышаған Су Жылу-2014» ЖШС директоры, Приозерск қаласы;

№ 10 сайлау округі бойынша – Койшин Руслан Қанатұлы, 1990 жылы туған, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС директоры, Приозерск қаласы.

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2024