Приозерск қалалық
сайлау комиссиясының хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Приозерск қалалық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға Приозерск қаласының № 7,10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Приозерск қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың 31 қаңтарынан басталады.
№ 7 сайлау округі комиссияның орналасқан жері: Приозерск қаласы, Космонавтов көшесі, 2, «Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Космонавтов көшесі, 2, телефон/факс: 53069.
Шекаралары: Абай көшесі 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11. Ағыбай Батыр көшесі 2, 3, 4, 6, 8.
Космонавтов көшесі 1, 1/2. Балқаш көшесі 2, 2/2. Бәйтерек көшесі 1А, 2, 4, 4А, 6, 8, 8/2, 10.
№7 округке №800 сайлау учаскесі кіреді.
№ 10 округ орталығы: Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, 11А «№1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 53569.
Округ шекаралары: Кисунько көшесі 2/2, 4/1, 4/2, 13/3, 15/1, 15/2, 15/3.
Панфилов көшесі 2, 7/1, 8, 9, 10, 19, 20, 24. Гвардейская көшесі 2, 8/4.
№10 округке №803 сайлау учаскесі кіреді.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы.