Приозерск қалалық мәслихатының № 7, 10 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына 2024 жылғы 31 наурыздағы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Приозерск қалалық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 31 қаңтардағы

№ 3 шешіміне қосымша

 

 

Приозерск қалалық мәслихатының № 7, 10 сайлау округтері бойынша

 шығып қалған депутаттардың орнына 2024 жылғы 31 наурыздағы

 сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

31 қаңтар 2024 жыл

 (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

31 қаңтар 2024 жыл

 

 (101-б. 6-т.)

 

3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 10 акпанынан кешіктірмей

 (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Қалалық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 10 акпанынан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

қала әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылдың 15 акпанынан кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылдың 15 акпанынан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және тиісті филиалдың (өкілдіктің), өзге де қоғамдық бірлестіктің саяси партиясының жоғары басқарушы органы

 

2024 жылдың 31 қаңтарында басталады және 29 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады

(103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік  сайлау комиссиялары

2024 жылдың 31 қаңтарынан басталады және 2024 жылдың 5 наурызында жергілікті уақыт бойынша  сағат 18.00-де  аяқталады.

                                                                                      (104-б)

 

11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                                 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

14. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін (өтініш білдіргенде) 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 Қағиданың 23-т

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылдың 5 наурызына дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

2024 жылдың 5 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және де 2024 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады.

 (27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Қала әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2024 жылың 10 наурызы

 (26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылғы 15 наурыздан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                          

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 20 наурызға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                           

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиялары

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 28 наурыздан ерте емес және 29 наурыздан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы 31 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

 (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2024 жылдың 31 наурызында

жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

 

 

 

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2024 жылдың 31 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін12 сағаттан аспайды (18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

29. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                           (108-б. 1-т.)

 

30. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей                                                                     

 (111-б. 1-т.)

 

31. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

32. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

 

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

33. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
31 января 2024