Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіттің басталғаны туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіттің басталғаны туралы

 

2023 жылғы 5 қарашада өтетін Қарағанды Приозерск қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны аясында а.ж. 10 қазанында сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 10 қазанда сағат 18.00-де басталып, 4 қарашада сағат 00.00-де аяқталады.

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:

1) «Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

 

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар анықталды:

1) Көкжиек көшесінде орналасқан хабарландыру тақтасы

2) Балхаш көшесінде орналасқан хабарландыру тақтасы

3) Кисунько көшесінде орналасқан хабарландыру тақтасы

4) Пушкин көшесінде орналасқан хабарландыру тақтасы

5) Б.Момышулы көшесінде орналасқан хабарландыру тақтасы

 

 

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкіміне кандидаттарды
ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(2023 жылғы 5 қарашадағы сайлау)

2023 жылғы 10қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша


р/б

Аты, әкесінің аты, тегі

Туған жылы

жұмыс орны және тұрғылықты жері

кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен

1.

Мансур Талгатович Ахметов

1987

Қала әкімі орынбасарының м.а., «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ

«AMANAT» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы Приозерск қалалық филиалы

2.

Жакен Оралканович Есенжолов

1968

Уақытша жұмыссыз

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қарағанды облыстық филиалы

3.

Руслан Канатович Койшин

1990

Директор, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС

өзін-өзі ұсыну

4.

Светлана Борисовна Попченко

1967

Директор, Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК

Карагандинский областной филиал Общественного объединения «Партия «Respublica»

 

Дата публикации
10 октября 2023