
Осакаров ауданында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қолдау көрсетуге бағытталған «Ардағым – ардагерім» акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты – ардагерлерге алғыс білдірумен қатар, жастардың назарын егде жастағы адамдардың мәселелеріне аудару, олардың жүрегінде ізгі істерге ұмтылыс пен қамқорлық сезімін ояту.
Әр адам өзінің үлесін қоса алады – назармен, қатысумен, жай ғана мейірімділікпен. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – бұл біздің құрметіміз, тарихымыз және адамгершілігіміз.
Ізгі бастамаға қосылыңыз! Жақсылықты бірге жасайық!
Құрметпен,
Алиев Аскар Толкынбекович
Осакаров ауданының Жастар ресурстық орталығы
басшысының міндетін атқарушы