
Қорғаныс басқармасының бастығы Владимир Герега, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысына қатысушылармен бірге Ә.Бөкейхан 8 наурыз мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Никаноровна Котоваға мерекелік бағдарламамен барды.
Олар Анна Никановнаға гүл шоқтары мен сыйлық табыстап, туған жер туралы ән шырқады.
Соғыс ардагеріне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Р.Жақсылықовтың атынан құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Ардагерлеріміздің ерлігі – барлық ұрпақ үшін патриотизмнің негізі, ерлік пен қайсарлықтың үлгісі. Олар соғыстың ең ауыр сынақтарынан абыроймен өтті. Бүгінгі күні оларды қамқорлықпен қоршап, алғысын білдіріп, жанқиярлық еңбектерін есте сақтау – біздің міндетіміз», - деді қорғаныс істері басқармасының басшысы Владимир Герега.