Тілдер күні

Тілдер күні
Бүгін барша қазақстандық үшін ерекше мереке, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күні — Тілдер күні Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Алма Шалабаеваның қатысуымен «Мекемелер мен ұйымдардағы мемлекеттік тілдің қолданысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға мекеме және ұйым басшылары, мұғалімдер, қоғам қайраткерлері, шағын бизнес өкілдері, ақсақалдар кеңесі шақырылған.
Дөңгелек үстел барысында тіл жанашырлары ой-пікірлерін білдіріп, тілек, ұсыныстар айтылды.
Мәдениет үйінде қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Тілдер мерекесіне арналған шарада өнерпаздар әннен шашу шашты.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында еңбек ете отырып, еңселі елдің тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және ауданымыздың рухани – мәдени тұрғыда дамуына елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар тіл жанашырлары Алғыс хаттармен марапатталды.