Аудан әкімдігінде жылу беру маусымына дайындық, егін жинау науқаны және дала өрттерін жою мәселелері бойынша аппараттық кеңес отырысы өтті.

Кеңес алдында аудан әкімі Нұркен Кобжанов үш ауылдық округтің әкімдерін мерейтойларымен құттықтады.
2022-2023 жылыту маусымына дайындық бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жүсіп Балабиев баяндама жасады.
Ол ауданда келісілген кестеге сәйкес Осакаровка және Молодежный кенттеріндегі қазандықтарды жылыту маусымының басталуына дайындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Данияр Сүлейменов дала өрттерін жою шаралары туралы баяндады.
Отырыста егін жинау науқанының барысы да айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріліп, барлық сұрақтар бақылауға алынды.