Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

 2022 жылғы 25 сәуірде Осакаров ауданының Батпақты ауылдық округіне жоспарлы сапармен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары Мұрат Смағұлұлы Әбілов және Юлия Викторовна Бадина келді. Халықпен кездесу барысында ауылдық округ әкімінің құзыреттілігін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару, ауыл шаруашылығын кеңейту, жергілікті маңызы бар жолдарды жақсарту, балалар және спорт алаңдарын салу мәселелері қаралды. Азаматтық хал актілерін тіркеу, салық төлемдері және мемлекеттік базалар мен электрондық үкімет жүйесіндегі берешектер туралы проблемалық мәселелер айтылды, соның салдарынан әкімдіктердің халықпен өзара іс-қимыл жасауға толық мүмкіндігі жоқ. Халықтың барлық мәселелерін облыстық мәслихат депутаттары назарға алды және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын болады, бірақ бұл үшін уақыт қажет, өйткені ауыл өңірлері мен әкімдіктердің тұрғындарының Мемлекеттік базалар мен Электрондық Үкімет порталына қолжетімділігін қайта қарауды қозғайды.