Балық аулауға тыйым салу: Қарағанды облысында «уылдырық шашу» акциясы өтуде

Балық аулауға тыйым салу: Қарағанды облысында «уылдырық шашу» акциясы өтуде

Қарағанды облысында «уылдырық шашу» акциясы өтуде. Аймақ аумағында балықтардың уылдырық шашу кезеңі балық түріне байланысты маусымның 15-нен 30-на дейін созылады.

Облыстың балық шаруашылығы су айдындарында балықтардың және басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезінде Балқаш көлінде 15 сәуір мен 1 маусым аралығында, Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында көксерке аулауға 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында, сазан (тұқы) аулауға 1 мамыр мен 30 маусым аралығында тыйым салынды.

Бұл шектеулер мен тыйымдар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау және көбейту үшін енгізілген. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Табиғат қорғау құқық бұзушылықтарына барған адамдар әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша