Осакаров ауданының педагогтары өлкетану бойынша оқу құралын әзірледі

Осакаров ауданының педагогтары өлкетану бойынша оқу құралын әзірледі

Осакаров ауданының оқушылары туған өлке туралы көбірек білуге мүмкіндік алады. Жергілікті педагогтар "5–7 сынып оқушыларына арналған Осакаров ауданының өлкетануы" атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Туған жер" жобасы аясында 2017 жылы Білім және ғылым министрлігімен Қазақстанның барлық мектептерінде "Өлкетану" курсы бойынша оқу бағдарламасы бекітілді.

Осы орайда Осакаров кентінің мұғалімдері оқушыларға арналған өз оқу әдістемелік құралын құруды шешкен. Бұл бастаманы Білім бөлімі қолдады. Бірінші тиражды басып шығаруға қаражат табылды. Оқулық екі тілде шығарылды.

Оқу құралының тұсаукесері мектеп президенттерінің, парламенттер мен фракция депутаттарының Осакаров ауданының білім бөлімінің басшысы Айнагүл Ақмағанбетовамен кездесуі барысында өтті.