Тәуелсіздік ұрпағы

Тәуелсіздік ұрпағы

Облыстық «Сарыарқа» телеарнасының Сарыжайлау кинотеатрымен бірлескен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жалғасуда. Біздің кейіпкерлер - Егемендігіміздің дамуына үлесін қосып жүрген белсенді жастар. Айталық, Еламан Хуанбай спорт саласында белді қызмет атқарып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді

Еламан Хуанбай Қарағайлы ауылының тумасы. Оның қазақ күресімен айналысқанына 14 жыл. Тоқтаусыз еңбегінің арқасында 26 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Еламан ХУАНБАЙ, қазақ күресінен спорт шебері:

-Бұл спорт түріне мені әкем баулыды. Енді мен ұлттық спорт түрінің дамуына өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын. Жалпы, менің ойымша, әр адам күшті болуы керек. Ол дегеніміз - өз отбасының, өз Отанының нағыз қорғаушысы болу. Менің үлкен ағам да спорт шебері.

Қазір Еламан Осакаров кентінде болашақ спортшыларды жаттықтырады. Айта кету керек, мұнда 6 жыл бұрын дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Онда барлық спортқа құштар тұрғындар келіп, қатыса алады. Осылайша, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

Игорь ЕЛЕСИН:

-Мұнда  28 ойын залы, бокс залы салынған. // Сондай-ақ, үстел ойындарының класы, тренажер залы бар. Мұның бәріне балалар келеді. Бізде 380 оқушы, 32 топ, 7 спорт түрі бар. // Сондай-ақ кешкі уақытта бюджеттік ұйымдар, ардагерлер барады. Сондай-ақ бізде жабық стадион бар, онда да спорт ардагерлері спортпен айналысады.

Ал № 1 тірек мектебінде еліміздің тәуелсіздігінің құрдасы Жұлдыз Ақмағамбетова жұмыс істейді. Ол-педагог-модератор. Бастауыш сыныптарға сабақ береді. Абай атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжін тәмамдаған. Дипломмен-ауылға!"бағдарламасы бойынша келген.

Жұлдыз АҚМАҒАМБЕТОВА, № 1 тірек мектебінің педагог-модераторы:

-Мен мұғалімдер әулетіне жатамын. Отбасымызда әкем, анам жағынан да мұғалімдер көп. Маған өз жұмысым ұнайды. Балалармен уақыт өте қызықты әрі тез өтеді. Мен өзім екі баланың анасымын.

Әріптестері Жұлдыз Ақмағамбетованың еңбексүйгіштігін ерекше бағалайды. Ол өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды екен. Оқушыларды облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі конкурстарға қатысуға дайындайды. Өткен жылы мектеп ұжымы "Үздік педагог" байқауына қатысуға ұсыныпты.

Мара АҚМАҒАМБЕТОВА, №1 тірек мектебінің директоры:

-Біз мұғалімдерді бақылаймыз. Көп уақыт бойы оқу-тәрбие жұмысында өзін жақсы көрсеткен маманды ұжымдық түрде таңдаймыз. Жұлдыз  өте жауапты педагог болғандықтан, барлық осы қасиеттерді жинақтай отырып, кәсіби ұжым оны аудандық "Үздік мұғалім" байқауына ұсынды.

Тәуелсіздік ұрпақтары болашақта өз салалары бойынша одан әрі еңбек етіп, ел дамуына үлес қоса бермек ниетте.