Қарағанды облысында инклюзивті балалар орталықтарының желісі кеңейтілуде

Қарағанды облысында инклюзивті балалар орталықтарының желісі кеңейтілуде

Қарағанды облысында мектепке дейінгі инклюзивті білім беру қолжетімдірек бола түсті. Қалалар мен ауылдарда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтар желісі кеңеюде.

Осакаровкадағы инклюзивті орталық «Нұрай» балабақшасында жұмыс істейді. Мектепке дейінгі мекеме балаларды дамытуға арналған жабдықтармен толықтырылды.

– Инклюзивті жүйе ерекше балаларға қоғамға тез бейімделуге және әлеуметтік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Біздің орталыққа ерекше білім беру қажеттіліктері бар алты бала келеді. Негізінен оларда психорекулярлық даму проблемалары бар. Біз әрқайсысына жеке ыңғай тауып, жұмыс істейміз, – дейді «Нұрай» балабақшасының логопеді Алида Байдалиева.

Маманның айтуынша, оның авторлық бағдарламалары бар. Ол ұсақ моториканы дамытуға көп көңіл бөлуге тырысады. Бұған саусақ гимнастикасы, құм ойындары, тікенді шарлармен су-джок жаттығулары көмектеседі.

Сәтбаевта «Нығмет» ҚБ атынан балабақша-оңалту орталығы ашылды. Оған ерекше қажеттіліктері бар 42 бала қабылданды. Сабақтарды логопедтер мен мұғалімдер өткізеді. Балаларды оңалту және дамыту үшін қажеттінің бәрі бар. Емдік-дене шынықтыру және массаж кабинеттері, ойын бөлмелері жабдықталған.

Орталық мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, сондықтан қызметтер тегін. Орталықта балалар күні бойы жаттыға алады. Балаларды жақсы тамақтандыру ұйымдастырылған, ал күндіз демалуы үшін жатын бөлмелері бар.