Осакаров ауданының мобильді топтарының жұмысы жалғасуда

Осакаров ауданының мобильді топтарының жұмысы жалғасуда

Рейд барысында мобильді топтар келесі бұзушылықтар бойынша мониторинг жүргізуде:

- объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптардың сақталмауы (жұмыс режимі);

- отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеу талаптарын сақтамау;

- әлеуметтік қашықтықты сақтамау;

- Маска режимін сақтамау;

- келушілер санының лимитінен асуы

2021 жылдың 01 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында 273 нысан қамтылды, 9 бұзушылық анықталды , жеке тұлғаларға қатысты қорғаныс маскаларын кию ережелерін сақтамағаны үшін 13 әкімшілік хаттама жасалды.

Осакаров аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Осакаров ауданының тұрғындарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Карантинді бұзу немесе санитарлық ережелер мен нормаларды сақтамау вирустық инфекцияның жаңа өршуіне әкелуі мүмкін, бұл туралы ұмытпаңыз! Тек сіз бен біз, біздің жауапты қарым-қатынасымыз COVID-ті қаншалықты тез жеңетінімізге байланысты.