«Нұрай» балабақшасы

«Нұрай» балабақшасы

Осакаров ауданында «Нұрай» балабақшасында дене шынықтыруға арналған жаңа заманауи құрылғылар әкелінді. Бөбекжай 320 балаға арналған. Карантинге байланысты 295 бүлдіршін келіп жүр

Мынау балалардың денелерін жаттықтырып, жүгіруге арналған құрылғы. Аптасына 2-3 үш рет осы залда жаттығады. Өз жастарына шақталған. Бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Қосымша музыка, сурет, қазақ тілі кабинеттері мен спорт зал жұмыс істейді. Әр топта 19-20 бала.

Райхан ЖАҚЫПБЕКОВА, балабақша меңгерушісі:

-Карантин кезінде де кезекші топтар жұмыс істеп тұрды. Балалардың дамуы үшін керек жағдаймен қамтамасыз етілген.

Бөбекжайда ерекше балаларды дамытуға бағытталған инклюзивті орталық жұмыс істейді. Онда қазір 6 бала келеді. Мамандар мұндағы әр балаға ерекше көңіл бөлу қажет. Оларды қоғамдық ортаға бейімдеп, қызығушылығын арттыру міндетіміз, - дейді.

Лидия БАЙГЕЛДИЕВА, дефектолог:

-Әр балаға әртүрлі қарым-қатынас жасау керек. Былай қарап отырсаңыз, әр баланың психикасы да әртүрлі. Ерекше балалар қоғамдық өмірден тыс өз әлемдерінде жүреді. Оларды қалыпты өмірге бейімдей отырып, қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз. Мұнда түрлі методиканы қолданамыз. Мына айналамыздағы құрылғылардың барлығы балаларды дамытуға арналған. Осылай тиянақты жұмыс жасай берсек, ерекше балалар да қатарға қосылып кетеді.

"Нұрай" балабақшасы 2014 жылы ашылған. 320 балаға арналған. 30-ға жуық тәрбиеші мамандар қызмет етеді. Қазіргі карантин жағдайына байланысты 295 бүлдіршін тәрбиеленуде.