Қарағанды облысында 304 МИБ және ҚС тіркелді Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі @ Барлық құқықтар қорғалған

Қарағанды облысында 304 МИБ және ҚС тіркелді  Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі @ Барлық құқықтар қорғалған

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 304 мүлік иелері бірлестігі мен қарапайым серіктестіктер тіркелген. Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте МИБ және ҚС енгізудің аралық қорытындылары туралы айтып берді. Қазақстанда «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Оған сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК қызметі тоқтатылады. Олардың орнына МИБ және ҚС келеді. Олар тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді. – Осы мерзімге дейін кооперативтер басқарушы немесе сервистік компания болып қайта құрылуы және жаңа мәртебеде үйлерге қызмет көрсету жөніндегі өз қызметін жалғастыруы тиіс. Бірақ егер олар тұрғындар жиналысында таңдалса ғана. Егер тұрғындар ПИК жұмысына наразы болса, пәтер иелері олардың қызметінен бас тартып, қазірдің өзінде МИБ немесе ҚС құра алады, – деп атап өтті Ұлантай Үсенов. МИБ – заңды тұлға. Оны құру механизмі келесідей. Алдымен тұрғындар жиналысын өткізу керек. Үй иелері құрамынан үш жыл мерзімге кеңес сайланады. Төрағаны таңдау қажет. Оның өкілеттіктері жыл бойы жарамды болады. Аудиторды немесе тексеру комиссиясын анықтау керек. Содан кейін жарғыны бекітіп, ХҚКО-ға МИБ тіркеу туралы құжаттарды тапсыру керек. Онда өтініш толтыру, жиналыс хаттамасын ұсыну және 1 АЕК (2 917 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Бүкіл қызмет барысында МИБ-тен ешқандай салық алынбайды. ҚС құру үшін тұрғындардың 100% келісімі қажет. Ол заңды тұлға болып табылады. Жарғы және тіркелім Әділет органы пен ХҚКО-да тіркеудің қажеті жоқ. Бірақ жергілікті атқарушы органдарда тіркеу есебіне тұру керек. Үй тұрғындары сенімді адамды таңдай алады. Бұл адам пәтер иелері берген сенімхат негізінде әрекет етеді.