Қарағанды облысында "Тұрмыс" жедел алдын алу шарасы басталады

Қарағанды облысында "Тұрмыс" жедел алдын алу шарасы басталады

Қарағанды облысының аумағында қылмыстық жағдайды сауықтыру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 9 маусым мен 16 маусым аралығында "Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы басталады.

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде құқық түсіндіру жұмыстары, ІІО есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша "Қорғау нұсқамасы", "ерекше талаптар", "маскүнем", "нашақор", "қолайсыз отбасы", сондай-ақ отбасында құқық бұзушылыққа жол берген, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тексеру жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ "Тұрмыс" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қару иелеріне азаматтардың ІІО-да тіркелген аңшылық қаруды және өзін-өзі қорғау қаруын сақтау қағидаларын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер сенім телефондарына мына нөмірлер бойынша хабарласа алады: 8(72149)4-11-04