Қарағанды облысының аумағында "Мотоцикл" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі

Қарағанды облысының аумағында "Мотоцикл" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі

Жаз мезгілінде мотокөлік құралдарын белсенді пайдаланудың басталуына байланысты, авариялардың алдын алу және ескерту мақсатында 18-23 мамыр аралығында Қарағанды облысының аумағында "Мотоцикл" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараны өткізу кезеңінде жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полицияның жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды. Арнайы топ — жол қозғалысы ережелерін бұзатын және ІІО-да тіркелмеген мотокөлік жүргізушілерімен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар әрбір аумақтық полиция бөлімінде кәмелетке толмаған мотокөлік жүргізушілерімен жұмыс істеу үшін ювеналды полиция қызметкерлерінен талдау топтары құрылды.
Мотокөліктің қатысуымен болатын ЖКО-ның негізгі себептері: жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимдерін елемеуі, қарсы қозғалыс жолағына шығуы, басып озу және маневр жасау қағидаларын бұзуы болып табылады.
Ескерту!
— мотоцикл тіркелуі тиіс, ал оның жүргізушісінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс;
- мотокөлікті мотошлем киіп басқаруға болады;
- мотокөлікті мас күйінде басқаруға болмайды.
Осакаров ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесі барлық мотожүргізушілерге хабарлайды.
Құрметті мотоциклистер, скутер және басқа екі доңғалақты көлік жүргізушілері! Сіздер қауіптілігі жоғары көліктерді басқарғандықтан, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Қауіпсіздік шарасын сақтамаған жағдайда, өз денсаулығыңыз бен өміріңізге, сондай-ақ жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіресіздер.
Мотоцикл, мопед, скутерде шлемсіз жүруге тыйым салынады. Жол жүру ережелерін сақтамау, оның ішінде ақаулы көлік құралымен жүру өмірлеріңізге қауіпті.
Абай болыңыздар, жол ережелерін сақтаңыздар және басқа адамдардың қателіктерін қайталамаңыздар.
Құрметті азаматтар, мотокөлік немесе басқа көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда, 102, 4-13-82 телефондарына қоңырау шалыңыздар. Анонимділік пен құпиялықтың сақталуына кепілдік беріледі.