«БОРЫШКЕР» жедел-алдын алу шарасы

«БОРЫШКЕР» жедел-алдын алу шарасы

Осакаров ауданының аумағында салынған айыппұлдарды уақытында өндіруге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулының орындалуын бақылау мақсатында Осакаров ауданы бойынша өңірлік палатаның жеке сот орындаушыларының қатысуымен ағымдағы жылғы 17 - 19 мамырға дейін «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

ӘҚБтК 811-бабы 1-бөлігіне сәйкес «егер де әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым тиісінше жеткізілген уақыттан бастап тұлға көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшеріндегі айыппұлды 7 тәулік ішінде  төлеуге құқылы».

Осакаров ауданы ПБ Әкімшілік полиция бөлмі өз айыппұлдарыңызды  төмендегі тәсілдер бойынша: он-лайн режимде, интернет-сайттар qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz, homebank.kz, және т.б. мобильді қосымшалар арқылы, екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу - кассалық бөлімшелерінде тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды.

Айыппұлдарды qamqor.gov.kz интернет сайты арқылы тексерген кезде «өз айыппұлдарыңыз туралы біліңіз» бетбелгісіне кіресіз, әрі қарай көлік иесінің ЖСН-ін енгізесіз және фото-бейне тіркеу жүйесі арқылы тіркелген құқық бұзушылықтар болған жағдайда аталған құқық бұзушылықтың суретін сол жерден басып шығарып ала аласыз.

Анықтама үшін телефондар: +7 (72149) 4-13-82