Осакаров ауданының «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы жүргізілуде

Осакаров ауданының «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы жүргізілуде

Жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік апаттарының санын азайту, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында 17 мамырдан 16 маусымға дейін аралығында Қарағанды облысы  «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтетін болады.

«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталған  бірқатар рейд жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары көлік ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық көлік жүргізушілерінің ЖЖЕ бұзу оқиғаларын анықтау жұмыстары күшейтілді. Жедел алдын алу шарасы кезінде автожолдарда Осакаров ауданы ПБ жол патрульіндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы ұлғайтылды.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісінің телефон арқылы сөйлесу сияқты т.б жол ережелерін бұзуға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударады.