«Senim109» Бірыңғай үйлестіру орталығы» жобасы

«Senim109» Бірыңғай үйлестіру орталығы» жобасы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №10/01 қаулысымен «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бірыңғай үйлестіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҮО) құрылды. БҮО мақсаттары мен міндеттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге ұқсас.

БҮО жарғысы 2019 жылғы 14 наурызда әзірленіп, бекітілді. БҮО әділет органдарында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39-үй мекенжайы бойынша тіркелген. Осы мекенжай бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығын орналастыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты  Қарағанды қаласы тұрғындарының, ал уақыт өте келе барлық облыс тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын құруды және сұраныстарына тез арада ден қоюды қамтамасыз ету.

2019 жылдың 25 қарашасында БҮО Call-орталығының тестілік жұмысы іске қосылды.

Қазіргі уақытта өтініштер:

1) Call-орталыққа телефон соғу арқылы;

2) «Ашық қала» АЖ порталы (Senim109.kz) арқылы;

3) әлеуметтік желілер (facebook және telegram) арқылы 3 тәсілмен келіп түседі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жобаны облыстың барлық аумағында кең түрде қолдану жоспарланып отыр.