Қарағанды облысының өзендерінде мұз жарыла бастады

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жарыла бастады

Қарағанды облысында су тасқынынан қорғауға арналған шаралар қабылдануда. Кептелістер мен су басудың алдын алу үшін өзендерде мұз жарыла бастады.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, Осакаров ауданы Николаевка ауылының маңында Сабырқожа өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар тұрғындардан абай болуды сұрайды.

"Еш жағдайда мұзға шықпаңыздар, себебі жарылыс толқынынан мұз бетінде жарықтар пайда болады. Көктемде су қоймаларында мұз үстінен өту қауіпті", - деп ескертеді ведомствода.

Қңірде қар шығару, су өткізу құрылыстарын тазалау секілді басқа да жұмыстар жалғасуда. ТЖД мәліметінше, елді мекендерден миллион текше метрден астам қар шығарылды. 1 600 астам су өткізу құрылыстары тазартылды.

Негізгі су қоймаларынан су ағызу жүріп жатыр.