Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтеді

Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтеді

Қарағанды облысының полиция департаменті 17-19 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Жолдарда жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де бақылау күшейтіледі.

Жедел алдын алу шарасы кезінде аймақ жолдарында полиция жасақтарының саны артады. Еріктілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен полиция рейдтері өтеді.

Сондай-ақ, полицейлер автобустар мен таксилерді тексеріп, шетелдік тіркелген автокөлік жүргізушілерінің көлік тәртібін бақылауды күшейтеді.

Осакаров ауданының ПБ жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолдарда қырағылық пен мұқияттылық сақтауға, жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрмет көрсетуге шақырады.