Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ жауапкершілік

Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу – ортақ жауапкершілік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл тек орын алған құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау, олардың туындауына ықпал ететін жағдайларды жою және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген орнықты теріс көзқарасты қалыптастыру да маңызды.

Осындай тәсіл Осакаров ауданы әкімдігінің жұмысында негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Басты назар профилактикаға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, адалдық мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жетілдіруге аударылады.

Ағымдағы жылдың 8 айында ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 126 іс-шара өткізіліп, оларға 2 мыңға жуық адам қамтылды. Іс-шараларға мемлекеттік қызметшілер, жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындары қатысты.

Өскелең ұрпақпен жүргізілетін жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Ауданның білім беру ұйымдарында 35 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастама жүзеге асырылды. Оның ішінде сынып сағаттары мен адалдық сағаттары, түсіндіру әңгімелері және оқушылар арасында түрлі байқаулар өткізілді.

Халық пен мемлекеттік қызметшілерді адалдық қағидаттарын ілгерілетуге тарту мақсатында 46 акция ұйымдастырылып, 2 дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында эссе байқауы, оқушылар арасында өлеңдер байқауы және «QUIZ-2026» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде материалдар орналастыру арқылы да жүргізіледі. Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 16 ақпараттық баннер әзірленіп, орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде тікелей болдырмауға ерекше мән беріледі.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші блогы (ҮББ-4 №4) шеңберінде екі бағыт бойынша: нормативтік құқықтық актілер және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді азайту және жою жөніндегі іс-шаралар әзірленді.

Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына, мүдделер қақтығысының алдын алуға және оны реттеуге қойылатын талаптарды орындауына, қызметтік әдеп нормаларын сақтауына және қызметтік өкілеттіктерін жеке мүддесіне пайдалануға жол бермеуіне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің жекелеген талаптарын сақтамау фактілері де орын алды. Әрбір жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданып, анықталған мән-жайлар профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру барысында ескерілді.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік басқару сапасымен тікелей байланысты. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, белгіленген рәсімдердің сақталуы және субъективті шешім қабылдау мүмкіндіктерін азайту – сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың маңызды шарттары.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жеке бағыт ретінде ғана қарастырылмай, мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Осакаров ауданы үшін бұл негізгі бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды білдіреді. Олар – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес және ауданның әрбір тұрғынының жүйелі әрі дәйекті жұмысы заңдылық, адалдық пен жауапкершілік қоғамдық өмірдің табиғи нормасына айналған ортаны нығайтуға мүмкіндік береді.