Қауіпсіз жол

Қауіпсіз жол

Осакаров аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы күні 8 жол ережесін бұзу фактісін анықтап, жолын кесті.

Ең жиі кездесетін бұзушылық-қауіпсіздік белдігін пайдаланбау. Бұл үшін 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік жүргізушілері жасаған бұзушылықтар:

- қауіпсіздік белбеуін тақпағандары үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі) 2 адам;

- 1 жүргізушіге көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі);

- маневр жасау ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБтК 595 – бабы) - 1 жүргізуші.

Айта кетейік, аталған рейдтер жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы 20 қарашаға дейін жалғасады.