Осакаровканың орталық көшелерінде 70 қарағай отырғызылды

Осакаровканың орталық көшелерінде 70 қарағай отырғызылды

Осакаровкада алғашқы күзгі қарағай көшеттері отырғызылды. Орталық көшелер мен жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу саябағында жаңа ағаштар пайда болды.

- Біз биылғы жылы алғашқы күзгі ағаш отырғызу науқанын өткіздік. 70 қарағай көшеттері отырғызылды. Көшеттерді «Озеленитель» ЖШС-нен сатып алдық, - дейді Осакаровка кентінің әкімі Серік Әкіжанов. - Біз күту жұмыстарының барлық кешенін орындаймыз, бұл ағаштардың тамыр алып, ауыл тұрғындары мен қонақтарын қуантуы үшін бәрін жасаймыз.

Қылқан жапырақты ағаштарды желтоқсан айына дейін отырғызуға болады. Олар ұйықыға кетіп, қатып қалмайды және өсуге қажетті барлық заттар тыңайтқыштардан қосымша алынады.

Жыл сайын кентте жасыл желектер саны артып келеді. 2019 жылы 33 қарағай, 15 шырша және 50 қайың отырғызылды.

Жергілікті бюджеттен жыл сайын көшет сатып алуға қаражат бөлінеді. Осакаровка тұрғындары көктемгі және күзгі екпелерге белсенді қатысады. Орталық көшелерге ерекше көңіл бөлінеді.