Сот қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

Сот қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Темиров Осакаров ауданының сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сот жүйесі – мемлекет пен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі. Дәл осы сот жүйесі қоғамда әділеттілікті орнатады. Жаңа заңдар азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайтты. Сіздің барлық қызметіңіз азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін және қадір-қасиеттерін қорғаумен тікелей байланысты. Әрқайсыңыздың кәсіби және жеке қасиеттеріңіз адамдардың тағдырларына әсер етеді, - деп атап өтті Ержан Темиров.

Әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі үшін және кәсіби мереке құрметіне аудандық сот ұжымы алғыс хаты мен марапатқа ие болды.