Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1 және 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің елді мекендерінің шекаралары өзгертіліп және белгіленсін:
- Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты Родниковское ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 1 140,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағын 1321,3977 гектар етіп белгілеу;
- Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне қарасты (бұрынғы – Төртқұдық) Қарасу ауылының шекарасын өзгертіп, елді мекен шекарасынан жалпы көлемі 2 368,0000 гектар жерді шығару және оларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызу арқылы, елді мекеннің жалпы аумағын 2432,4914 гектар етіп белгілеу.
- Осы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы Осакаров ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Осакаров аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов
Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Саккулаков