«Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі №03 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 шілдедегі №03 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімің орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

Р. Нурмуханбетов

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 июня 2026