«Жас сұнқар – 2025» Осакаров ауданы.

«Жас сұнқар – 2025» Осакаров ауданы.

«Жас сұнқар – 2025»: Осакаров ауданында жастар көшбасшылары марапатталды

Осакаров ауданында аудан әкімінің «Жас сұнқар – 2025» жастар сыйлығын табыстау конкурсының қорытындылары шығарылды. Биыл түрлі салада жетістікке жеткен 13 жас көшбасшы ақшалай сертификаттарға ие болды.

«Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында Осакаров аудандық полиция бөлімінің криминалисі Әділ Әлімбаев жеңімпаз атанды. «Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі» болып Жұлдыз ауылдық округінің бас маманы Марат Қожахметов танылды. «Жас медицина қызметкері» номинациясында аудандық аурухананың терапевті Дария Әбілсейітова үздік деп танылды. Ал «Жылдың жас мұғалімі» атағын Қ.Сәтбаев атындағы мектептің музыка пәні мұғалімі Дания Тілеубек иеленді.

«Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анастасия Иванова жеңімпаз атанды.