Родников ауылында учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жетпісбаевичтің қатысуымен жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Заң мен тәртіп», «Құқықтық қоғам құру» және «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды. Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, адалдық пен әділдік қағидаттары түсіндіріліп, жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері айтылды. Мұндай шаралар ауыл жастарының құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.