Нашақорлықтың алдын алу.

Нашақорлықтың алдын алу.
Пионер ауылдық округінде полицияның учаскелік инспекторы ЦПД тәрбиеленушілерімен нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында балаларға есірткі заттарының зияны, оларды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Жеке қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, жас ұрпақтың хабардарлығын арттыруға және есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.