
Пионер ауылдық округінің аумағында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға интернет желісіндегі алаяқтық әрекеттерінің ең көп таралған схемалары түсіндіріліп, банк карталарын, мобильді қосымшаларды және интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану қағидалары еске салынды.