Соңғы қоңырау.

Соңғы қоңырау.
Пионер ауылдық округі аумағында Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиындар өтті. Бұл күн түлектер, ұстаздар, ата-аналар және барлық мектеп оқушылары үшін ерекше әрі толғанысқа толы мереке болды.
Іс-шара барысында түлектерге арналған құттықтау мен ақжарма тілектер айтылып, ұстаздар мен ата-аналарға қолдауы, еңбегі және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді. Оқушыларға арнап мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жылы лебіздер мен мектептегі жарқын сәттер еске алынды.
Соңғы қоңырау — өмірдегі маңызды кезеңнің аяқталып, жаңа мүмкіндіктер мен үміттерге толы жаңа жолдың басталуын білдіретін ерекше мереке.